ЭЛЕКТРОНДЫ СОТ ӨНДІРІСІ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ

366

0

Қалалық сотта 2018 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша баспасөз конференциясы өтті. Онда қалалық сот төрағасы Мұхтар Еркінбеков сот жұмысының негізгі статистикалық көрсеткіштерімен таныстырды.
Өткен жылдың 3 айында 141 істің бесеуі бітімгершілікпен, 50 іс сот медиациясымен қысқартылса, биыл қысқартылған 313 істің 13-і бітімгершілікпен, 100 іс медиация тәртібімен қаралған. Яғни, медиациямен қаралған істер саны өткен жылмен салыстырғанда, 50 іске көбейген. Қалалық соттың қарауына 2018 жылдың 3 айында азаматтық іс жүргізу тәртібімен барлығы 5658 талап арыз келіп түсті. Облыс бойынша барлығы 7013 азаматтық іс аяқталса, оның 4511-ін қалалық сот қарады. Бұл аяқталған істердің 64%-ін құраған.
– Енді қарапайым халық әуре-сарсаңға түспей, арыз-шағымдарын «Сот кабинеті» сервисі арқылы жібере алады. «Сот құжаттарымен танысу» сервисі сот процесіне қатысушыларға істерге қатысты мәліметтерді және электронды сот құжаттарын бақылайды. Аталған сервис органдардың онлайн-сервистері мен қызметтеріне «бір терезе» қағидасы бойынша қол жеткізеді, – деді М.Еркінбеков.
Электронды сот өндірісін жетілдіру бағытында Жоғарғы соттың ресми интернет-ресурсындағы «Сот істері жөніндегі анықтамалық» сервисі азаматтардың сот төрелігіне қолжетімдігін жеңілдетуді көздейді. Осы сервистің оң тәжірибесі пилоттық режимде «Жаңа сот актілерінің банкі» кеңейтілген сервисін әзірлеуге және іске қосуға негіз болды. Кейіннен бұл сервис «Сот кабинеті» сервисінің құрамына енгізілмек. «Жаңа сот актілерінің банкінде» 2016 жылы бірінші және аппеляциялық сатылардағы соттар шығарған заңды күшіне енген сот шешімдері іздеу үшін қолжетімді болып отыр. Кейінірек, 2015 жылы шығарылған сот актілері, соның ішінде Жоғарғы соттың сот актілері қолжетімді болады деп күтілуде.
Айта кету керек, коммуналдық төлемдерден туындайтын даулар және банктік даулар бойынша істер саны артып отыр. Қалалық сот төрағасы Мұхтар Еркінбековтің айтуынша, келісім-шарт міндеттемелерінен туындайтын даулар және банк келісім-шарттары бойынша 1008 іске ұлғайды. Себебі, жеке тұлғалар арасында қарыз ақша өндіру жөнінде талаптар көбейген және жеке азаматтардан банк келісім-шарттарын заңсыз деп тану туралы талап қою арыздары түсе бастаған.

Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<