Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

294

0

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде  ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

20 – 21 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша желдің  ұйытқуы 23-28 м/с. Оңтүстік-батыс бағытында дауылды жел, сонымен қатар жауын-шашынның түсуі күтілуде. Осыған байланысты мұз қабатының күрт бұзылуы, Есіл, Қызылжар ауданы, Петропавл қаласы аумағы бойынша су деңгейінің кенеттен көтерілуі ықтимал. Петропавл қаласы маңындағы судың қауіпті деңгейі – 940 см (судың алқапқа шығуы).

20 сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

20 – 22 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстіктен 15-20 м/с жел, шаңды дауыл күтіледі.

20 сәуірде күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

20 сәуірде күндіз Атырау облысында кей жерлерде күн күркіреп, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында  оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с. 

 

http://lenta.inform.kz/kz/elimizdin-alty-onirinde-aua-rayyna-baylanysty-eskertu-zhariyalandy_a3225006

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<