Елорда полициясы қалада болған митингке қатысты жағдайды түсіндірді

215

0

Астана қаласының полициясы, 26 қарша күні елорадада болған митингке қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

26 қараша күні кешкісін Астанадағы түнгі клубтардың бірінде жастарға арналған мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы кәсіпкер шараға 300-ге жуық жастарды жинаған.

Жиын барысында ұйымдастырушы жиналғандарға көрінеу жалған ақпарат беріп, бейбіт жиналыстар өткізудің заңда белгіленген тәртібін бұза отырып, оларды заңсыз шеруге шақырған. Арандату нәтижесінде қоғамдық тәртіп өрескел бұзылып, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның толыққанды жұмыс істеуіне кедергі келтірілген.

Жиынға қатысушылар полицияның заңсыз әрекетті тоқтату туралы талабын ескермей, дауыс күшейткішті қолданған, ұйымдастырушының шақыруымен тәртіпті бұзуды жалғастыра берген.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция заңсыз әрекеттердің жолын кесу шараларын қабылдауға мәжбүр болды. Бұл ретте заңсыз шеруге қатысушылар қызметкерлерге бағынбай, қарсылық көрсетті.

«Қазіргі уақытта кінәлі адамдар анықталып, полицияға жеткізілді. Олардың іс-әрекеттеріне белгіленген тәртіппен құқықтық баға беріледі», – делінген хабарламада.