Есірткі затын сатқан азамат құрықталды

310

0

Қаладағы Астана мөлтек ауданында жедел іс-шаралар барысында облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі затын заңсыз сатқан, тұрақты жұмысы жоқ 27-жастағы азаматты ұстады. Бұл туралы ҚІІБ баспасөз қызметі хабарлады.
Ұсталған азаматтың қалтасынан 2 дана газетке оралған ерекше иісі бар жасыл түсті шөпке ұқсас зат анықталып, алынды. Алынған заттарға сараптама тағайындалып, қорытындысы бойынша салмағы 6,07 грамды құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденді.
Аталған азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігімен (есірткі заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау) кінәлі деп танылып, сот үкімімен мүлкі тәркілене отырып 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Шынар БЕКБАН,
«Сыр Бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<