Германиядағы марафонда қазақ қызы екінші орын алды

321

0

Германияның Ганновер қаласында өткен дәстүрлі халықаралық марафонда қазақ қызы екінші орынға ие болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.
Бұл марафон 1991 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл 28-рет өткізілген марафон Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының IAAF Silver Label мәртебесіне ие.Қазақстаннан барған спортшылар арасында Ақмарал Мейірман күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол әйелдер арасындағы классикалық 42 шақырым 197 метрлік қашықтықты 2:55.58 сағатта жүгіріп өтті. Ал бірінші келген Кения спортшысы Агнес Кипроптың уақыт көрсеткіші – 2:32.35 сағат. Үздік үштікті жергілікті спортшы Аида Штальхут қорытындылады (03:03.13).Ерлерден еліміздің намысын қорғаған Михаил Красилов мәреге алтыншы болып жетті. Қазақстандық атлет аталған қашықтықты 2:24.24 сағатта жүгіріп өтті. Сөйтіп, 2016 жылдан бері ең үздік көрсеткішін тіркеді. Бірінші орынды Эфиопия стайері Себок Негусс еншіледі (2:09.44). Екінші-үшінші орынды Кениядан келген Майкл Куньюга (2:10.16) мен Дункан Коэч (2:10.19) өзара бөлісті.Жалпы, Ганновер марафонына (HAJ Hannover Marathon) биыл 10 мыңнан астам адам қатысты.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<