ХҚКО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ

251

0

  Елімізде цифрландыру үрдісі қарқынды жүріп жатыр. Сондықтан қазіргідей  ашықтық пен жан-жақтылықты талап ететін қоғамда ағылшын тілін меңгеру – бүгінгі заманның талабы.  Елбасы Н.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деген болатын.

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бір адамның ғана емес, тұтастай ұлттың болашағының жарқын болуының кепілі.

Қашанда жаңашылдыққа құмар «Азаматтарға  арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жалағаш аудандық бөлімінің мамандары Елбасының «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын басшылыққа алып, аудан әкімінің қолдауымен бір айлық ағылшын тілі курсын тәмамдады. Білімдерін жетілдіріп, пайдалы тәжірибе алмасқан бөлім жұмыскерлеріне арнайы сертификаттар табысталды.

«Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз.Біздің ұжымда қызметкерлердің интеллектуалдық қабілетін жоғарлату мәселесі назардан тыс қалмайды. Заман талабына сай ақпараттық технологияларды терең менгеру арқылы халыққа мемлекеттік қызмет көрсету уақытын жеделдету, жұмыс істеу дағдыларын жоғарылату максатында нақты жұмыстар атқарылуда», – дейді бөлім қызметкері Нұргүл Оспанова.

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<