Кәсіпкерлік саласына ерекше қолдау қажет

387

0

Елімізде экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы шағын және орта бизнесті дамыту екендігі баршаңызға белгілі. Сондықтан бұл салаға ерекше көзқарас қажет екені жыл өткен сайын дәлелденіп келеді. Осы орайда бүгін Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов «Бизнеске арналған Үкімет» ғимаратының ашық алаңында кәсіпкерлерді салалық мәселелері бойынша қабылдады.

Шаһар басшысы қабылдауға келген 35 кәсіпкерге бұл салада кездесетін кедергілерді жойып, олардың бизнес әлеуетін арттыруына қолдау жасалатындығын айтты. Кәсібін жолға қойған кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсете отырып, дамытудың тың жолдарына бағыт-бағдар жасағанымыз жөн. Кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатып, тиімді ұстанымдарды ұсынуымыз керек, – деді.

– Осы жағдайларды таразылай келе, біз кәсіпкерлермен жеке қабылдау өткізуді ұйғардық. Бетпе-бет сөйлесе отырып, шынайы форманы көргіміз келді – деген қала әкімі мұндай кездесулер ай сайын өткізіліп тұратынын жеткізіп, кәсіпкерлердің көкейінде жүрген сұрақтарға кеңінен жауап берді.

Айта кету керек, қазіргі таңда «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында мемлекеттік бағдарламалармен құны 2 млрд. 647 млн.теңгені құрайтын 76 жоба қолдау тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<