Киік атқан қос аңшының бас бостандығы шектелді

358

0

  Қазақстанда аулауға тыйым салынған киік жануарын оққа байлап, мемлекетке 14 млн теңгеден астам зиян келтірген қармақшылық 2 азаматтың 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Олардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінің 2-ші және 4-тармақтарымен іс қозғалған.

«Сотталушылар елімізде аулауға тыйым салынған 3 киік жануарын атып алған. Оларды тінту барысында 12-ші калибрлі аңшы мылтығы мен 3 бас киік жануары тәркіленді. Соның салдарынан олар мемлекетке жалпы құны 14 млн теңгеден астам залал келтірген», – дейді Қармақшы аудандық сотының төрағасы Дархан Кентбаев.

Сотталушылар 3 жыл мерзімге аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, олардың бас бостандығы шектелді.

 

Әділет Қаңтарбаев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<