«Kitap Fest – 2018» кітап фестивалі өтті

313

0

Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап    ғылыми    кітапханасы «Рухани жаңғыру» орталығымен бірлесіп 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Kitap Fest – 2018» кітап фестивалін өткізді. Мақсаты – кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, кітап оқуға тарту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту.  

Кітап фестивалі кітапхана алаңында «Бәрі кітаптан басталады» атты флешмобпен басталды. Фестивальге қатысушыларды  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана директоры Н.Мырзамұратова құттықтады.  Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты К.Садуақасқызы, акын Р.Наурызбаева  кiтап фестивалiнiң ашылуында сөз сөйлеп, кітапханаға өз кітаптарын табыс етті.

Кітап фестивалі қатысушыларына қызыққа толы бағдарламалар дайындалды.  Кітапхана алаңында  «Ғажайып кітап әлемі» және  «Жыл кітабы – 2018» кітап көрмелері ұйымдастырылды. «Мен жастарға сенемін» атты жас ақындар трибунасында «Жауқазын – Ғұмыр» шығармашылық клубының мүшелері өз өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ «Руханият әлемінен бастау алған» атты  алаңда ақын-жазушылар Р.Наурызбаева, Д.Торғаева, Ғ.Әбілдаева, Қ.Өзденбаева,  Н.Рахметова  өз шығармашылықтарымен бөлісті.

«Кітап әлемді бағындырады» атты алаңда Қызылорда қаласындағы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары  Әбдірахманова Сымбат Нұртазақызы және Қазақстанның танымал ғалым-селекционер, ауылшаруашылық ғылымдардың докторы Қазақ күріш өсіру ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Александр Николаевич Подольскихпен кездесу ұйымдастырылды.

Оқырмандар «Оқуға ұсынамын» атты тақтаға өздерінің сүйікті кітабы жайлы жазып, өзгеге оқуға ұсынды. Кітапхана қызметкерлері жастардан сүйіп оқитын кітаптары туралы «Сәті түскен сұхбат»- «Жастар таңдайды» тақырыбында сұхбат алып, видеоға түсірілді. Сонымен қатар балалар «Даналық ағашы», «Білім ұясы»  – «Ұтыс кімге бұйырады?» интеллектуалды ойындарға қатысып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

Балалар алаңында «Оқырман ұрпақ – біздің болашағымыз» балаларға арналған әдеби конкурс өткізіліп, «Кітаптан берілген шабыт» атты асфальтта сурет салу байқауы ұйымдастырылды.

Фестивальге қатысушылар «Мен және Кітап» тақырыбында суретке түсіп, фотосессия жасауға мүмкіндік  алды. Сонымен қатар жергілікті кітап баспаларынан  кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

 Кітап фестиваліне зиялы қауым өкілдері, жастар, кітапхана оқырмандары, жоғары оқу орындарының және колледж студенттері, мектеп оқушылары, жалпы қала тұрғындары қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<