«КӨКНӘР-2018» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ НЕГІЗІНДЕ МӘЖІЛІС ӨТТІ

253

0

Арал ауданына облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Бекзат Асқаров және облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаев жұмыс сапарымен барды.
Осы орайда аудан әкімдігінің мәжіліс залында нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы бағытталған «Көкнәр-2018» жедел профилактикалық іс-шарасы бойынша арнайы мәжіліс отырысы өтті. Бұл бағытта, өткен жылы облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының бірнеше мәрте отырыстары өтіп, тиісті тапсырмалар да берілген болатын.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша жиында аудандық құқық қорғау органдары мен тиісті мекеме басшылары, ауылшаруашылығы, білім, ішкі саясат, жер қатынастары бөлімдерінің басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері мен ірі шаруа қожалықтарының төрағаларымен басқосты.
Күн тәртібінде: «Көкнар-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде есірткі алқаптары анықталғанда жергілікті және құқық қорғау органдарымен атқарылатын іс-шаралар турасы және іс-шара аясында ішкі істер органдары, жергілікті әкімдіктердің, жер қатынастары бөлімдерінің және басқа да мүдделі орган қызметкерлерінен арнайы топтар құрылып, жерлерді аймақтарға бөлу арқылы толығымен аралау жұмыстарын жүргізу барысы талқыланды.
Бірінші мәселеге орай ең алдымен облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Б.Асқаров баяндама жасап, жиынға қатысушылар назарына арнайы әзірленген слайттар мен бейнероликтерді ұсынды. Одан әрі облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қ.Серікбаев күн тәртібіндегі екінші мәселе жөнінде хабарлама жасап, атқарылған жұмыстар легін атап өтті.
Жиын соңында ел болашағына аса қауіпті есірткі мәселесімен қоғам болып күресудің маңыздылығына басымдық беріліп, осы бағыттағы жұмыстарды жұмыла атқаратындықтарын жеткізді. 

Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<