Күн жылынады

89

0

  Қазақстанға жылжып келе жатқан антициклон нәтижесінде алдағы үш күнде республиканың бірқатар облыстарында жауын-шашын тоқтап, күн жылынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 
Синоптиктердің айтуынша, 21 сәуірге қарай күндізгі ауа температурасы оңтүстікте және оңтүстік шығыста 18-23 градусқа дейін, қиыр оңтүстікте 25-28, шығыста және орталықта 13-21, солтүстікте 10-18 градусқа дейін көтеріледі. Тек батыс облыстарда кезекті салқын ауа ағындарының жылжуына байланысты ауа температурасы төмендеп, жаңбыр және қар аралас жаңбыр жауады.
Төмендегеніне қарамастан батыс өңірлердегі ауа температурасы көпжылдық орташа мәнге жуық болады.