Конкурстық құжаттарды әзірлеу кезеңдері түсіндірілді

301

0

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты «Ғылыми жобалар бойынша гранттық қаржыландырудың конкурстық құжаттарын әзірлеу» тақырыбында семинар өткізді. Семинар жұмысына «Болашақ» университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары, «Болашақ» университетінің колледжі мен «Болашақ» Медициналық колледжінің оқытушылары қатысты.

Семинар барысында конкурстық құжаттарды әзірлеу процестерінің барлық кезеңдері анықталды. Ғылыми жобалар бойынша гранттық қаржыландырудың конкурстық құжаттарын әзірлеу барысындағы қатысу өтінімінің мазмұны мен нысанына, ортақ қаржыландыру көлемі мен шарттарына қойылатын талаптар, әлеуетті орындаушыға қойылатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттар беріліп, конкурсқа қатысу өтінімін ұсыну тәртібі бойынша кейбір ұсынымдар жасалды.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. «Болашақ» ҒЗИ семинар жұмысын «Болашақ» университеті колледжімен бірлесе отырып өткізді. Семинарды «Болашақ» ҒЗИ директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов жүргізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<