
Көрменің мақсаты – саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының ерлігін насихаттау, жазықсыз құрбан болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды есте сақтау өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп ұғыну. Көрмеге өз заманының көрнекті зиялылары А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, С.Есқараев, С.Қожанов, И.Тоқтыбаев, Т.Жүргенов, М.Тынышбаев, М.Шоқай, Н.Төреқұлов, т.б фотосуреттері қойылды.
Тарихтағы бұл қатал кезеңдерді ұмытпай, тағылымды тағзым жасау парызымыз, ел есінен шығармауға тиіспіз. Көрмені музейге келушілер тамашалады. Көрме 31 мамырға дейін жалғасады.