Көше кезбесі қоқысқа тасталған қымбат әшекейлерді иесіне қайтарып берді (фото)

367

0

Көше кезбесі қоқысқа тасталған қымбат әшекейлерді иесіне қайтарып берді (фото) Астанада абайсызда қоқысқа тасталынған екі жарым миллиондық әшекейлер дүкенге қайтарылды. Зергерлік бұйымдарды тауып алған көше кезбесі оларды қайтарып бергені үшін сыйақы алудан бас тартқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы елорда жаңалықтары жазылатын Instagram парақшасында белгілі болды. Автор әлеуметтік желіге «сендер күліп едіңдер, алайда әшекейлер қайтарылды» деген жазба қалдырған.

Instagram арқылы әшекейлер қайтарып беруге өтініш білдірілсе, дәл осы әлеуметтік желінің көмегімен табылған.

«Мен желіге әшекейлерді қоқысқа абайсызда тастап жібергенімді жазғанымда, маған Бекзат есімді бала хабарласты. Ол үнемі сол маңда жүретін көше кезбесі бар екенін айтты.

Бекзат ол адамды толығымен әрі нақты сипаттап берген соң, ертесіне барып дәл сол жанды кезіктірдім. Оған мән-жайды түсіндіргенімде маған жөнді жауап бере алмады. Ер адам мылқау болып шықты.

Мен жүгіріп барып қағаз мен қалам әкеп бердім. Ол әшекейлерді тауып алып, үйіне тығып қойғанын айтты. Содан кейін оның үйіне барып мен қара пакеттегі әшекейлерді алдым»,- деп қуанышын жасыра алмады Жандос Әмірханов.

Қымбат әшекейлердің ешқайсысы жоғалмаған болып шықты.

Жандос өзінің құтқарушысына 100 мың теңге ұстатып онымен естелік сурет жасады. Әділдігімен ерекшеленген көше кезбесі бастапқыда ақшаны алмай қойыпты. Алайда күзетші бой бермей қойған соң, сыйақыны қабылдаған.

Еске сала кетйік, осыған дейін Астанада зергелік дүкен күзетшісі шатасып екі жарым миллиондық әшекейлерді тастап жіберген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<