Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың негізі

267

0

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі қағидаларын түсіндіру» әлеуметтік жобасы аясында  «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың негізі» атты облыстық семинар өтуде.
 Семинарға арнайы ақпараттық-насихаттық топ құрылып, жыл бойы Қызылорда қаласы мен аудандарының тұрғындарына қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесін насихаттайтын болады.
Семинардың мақсаты – Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы мен өзектілігі жайлы Қызылорда облысының тұрғындары арасында түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізу.
Ақпараттық-насихаттық топ жетекшісі, «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» қоғамдық бірлестігінің жастармен жұмыс бағыты бойынша жетекшісі, медиа-координатор Еркін Құсан семинарды жүргізіп, ал ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов «Жаңа әліпби – лингвистикалық егемендік белгісі», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филиология ғылымдарының кандидаты Болат Боранбай  «Әліпби мәселесінде аса ыждаһаттылық қажет», Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері Жаныгүл Мұхитқызы «Әліпбиді алмастыру – уақыты жеткен шешім» атты баяндамаларын оқып, түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Семинар барысында сауалнамалар толтырылып, таратпа материалдар таратылды.
Жиын бүгінге дейін Қызылорда қаласында, Тасбөгет кентінде, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде, С.Сейфуллин ауылдық округінде, Жалағаш ауданында, Жалағаш кентінде, Бұхарбай ауылдық округінде өткізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<