Мәдениет саласының дамуына үлес қосқаны үшін марапатталды

742

0

Аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенованың төрағалығымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
Алқалы жиынға ауданның мәдениет саласының қызметкерлері, ауылдық мәдениет үйінің директорлары және БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Балшекер Сұлтанбекқызы мемлекет тарапынан мәдениет саласын дамытуға ауқымды қолдау көрсетіліп жатқанын айтып, ауданның 90 жылдық мерейтойын атап өту барысында сала қызметкерлерінің қосатын үлесі зор екенін жеткізді. Сонымен қатар, соңғы жылдары аудан өнерпаздары облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленгенін, бұл атқарушы билік тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесі екенін атап өтті.
Кеңейтілген алқада аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Төрәлиев, аудандық мәдениет үйінің директоры Н.Көшербаев баяндама жасап, 2018 жылдың І-тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстардың есебін берді. Сала жұмысыының басым бағыттары кеңінен талқыланған алқа соңында ауданның мәдениет саласының дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды.
Ақтөре Ибрагимұлы,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<