Мекеме қызметкерлерінен жазба жұмысы алынды

307

0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесі қызметкерлерінен диктант жұмысы алынды.
Жазба жұмысына 10 мемлекеттік қызметкер қатысты. Диктант мәтіні есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі Домалақ ана тақырыбында болды. Жазба жұмысын алудағы негізгі мақсат мемлекеттік қызметкерлер арасында ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтіп, қазақ тілінде жазу сауаттылығын арттыру. Нәтижесінде жазба жұмысына қатысқан 10 қызметкер жақсы деңгей көрсетті. Шара соңында  қызметкерлерге қазақ тілін білу деңгейін анықтау ҚАЗТЕСТ жүйесі  бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
И.Жаңбыршиева
ЗК-169/4 мекемесі 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<