Мектеп бітіруші түлектермен кездесті

461

0

Шиелі аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Әшім Оразбекұлы биылғы мектеп бітіруші түлектермен кездесті.
«Туған жерді түлетер, көкке самға, түлектер!» деген тақырыппен өткен кездесуде аудан әкімі білім саласында жасалып жатқан оң өзгерістер мен мемлекет басшысының орасан зор қамқорлығы арқасында қол жеткізіп жатқан жаңалықтарға тоқталды. Түлектер аудан әкіміне толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алып, өздерінің алғыстарын жеткізді. Кездесу соңында аудан әкімі үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге сәттілік тілеп, жастарға сенім артатынын білдірді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<