Мониторингтік топ мүшелерінің кезекті отырысы

297

0

 ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы 2015-2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуы бойынша сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топ мүшелерінің отырысы өтті.

Отырыста «Энергосервис» ЖШС, «Қызылорда жылу орталығы» МКК, «Казтрансгаз» АҚ және «Су жүйесі» МКК, «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС, Қызылорда тазалығы ЖШС және қалалық әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және үй инспекциясы бөлімі басшыларының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және халыққа қызмет көрсету сапасына байланысты атқарылған жұмыс нәтижелері тыңдалды. Мониторингтік топ мүшелерімен халықтың көкейінде жүрген және әлі күнге дейін шешімін таппаған өзекті мәселелер көтерілді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, халыққа сапалы қызмет көрсету және анықталған кемшіліктер бойынша нақты шаралар қабылдауға ұсыныстар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<