Мұстафа Шоқай туралы жаңа фильм шықты

469

0

Мұстафа Шоқайдың өміріне арналған «Ардағы еді түркінің» атты жаңа деректі фильм шықты.

Фильм барысында Мұстафа Шоқайдың өмір жолы толықтай баяндалып, қызмет жолындағы қиындықтары көрсетіледі.

«Осының нәтижесінде саяси қайраткердің бітім-болмысын жан-жақты аша алдық деген ойдамын. Мұстафа Шоқай кешегі соғыс жылдарында 140 мыңнан астам түркі тектес халық өкілдерін неміс тұтқынынан босатуға көмек бергенін тарихтан жақсы білеміз», – дейді фильм режиссері Доқтырхан Тұрлыбек.

Доқтырхан дүниежүзілік «Алтын сапран» кинофестивалінің жүлдегері. Оның айтуынша, кинолентаны әзірлеуге 20 жыл кеткен. Алдағы уақытта фильмді орыс, ағылшын және түркі тілдеріне аудару жоспарланған.

Дереккөз: INFORM.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<