Қоғамдық тыңдау өтті

333

0

Қоғамдық тыңдау өтті Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  Халыққа қызмет көрсету орталығында қоғамдық тыңдау өткізілді.

Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткен шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Нұғман Жакудаев, облыстық ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы Әкімшілік практика бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Жандос Кәрімбаев пен қор директоры, заң ғылымдарының магистрі Жандос Тұсмағамбетов жүргізіп, салаға қатысты мағлұматтармен бөлісті. Бұл бағыттағы шаралар облыстың қалған аудан орталықтарында өз жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<