ҰОС ардагерлері 1 мамырыдан бастап ТМД аумағында тегін саяхаттай алады

102

0

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері 2018 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Қазақстан мен ТМД елдеріне тегін саяхаттай алады.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірлесе отырып, Жеңіс күні қарсаңында жүзеге асатын дәстүрлі акцияның басталғандығын жариялады.

ҰОС ардагерлері Қазақстан және ТМД елдері бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның барлық бағыттары бойынша қызметті тегін ала алады. Билетті купелі вагонның кез келген санатына алу мүмкіндігі бар.

 Аталмыш акция бойынша билет рәсімдеуге жеке басты куәландыратын және ҰОС қатысушысы немесе мүгедегі екендігін растайтын құжаттардың түпнұсқасы болуы керек.

ТМД мемлекеттеріне жасалатын саяхат үшін билет баратын станция мен Қазақстан аумағындағы билет берілген станция бағыты бойынша рәсімделетіндігін айта кету қажет.

KAZINFORM.KZ