Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті

1184

0

Еліміздің тыныштығы мен дамуы жолында Отан қорғаушылар қалтқысыз қызмет етіп келеді. Бүгін университетте Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай «Елдік те, ерлік те ұрпаққа аманат» атты салтанатты жиын өтті.

Қазақта «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Халқының қамын ойлаған, батыр да батыл, сөзіне ісі сай, жауапкершілігі жоғары азаматтар ел игілігі үшін еңбек етуде.

Мерекелік шарада оқу орнының бірқатар қызметкерлері «Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль», Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, университетімізде үздік оқып, қазіргі таңда өз саласының кәсіби шебері атанып, еліміздің дамуына айрықша үлес қосып жүрген түлектерге «Үздік түлек» медалі табысталды.⠀Жиында Отан қорғаушылар күніне орай университет ғалымдары еліміздің қорғаныс жүйесіне сіңіріп жатқан еңбектерімен таныстырды. Ғалымдар мұнай қалдықтарын өңдеу, ІТ технологияларды қолдану арқылы қорғаныс құралдарын жасап шығарған. Ал, «Дидар» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің мерекелік шашуы көрерменге ерекше көңіл сыйлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<