\»Ой-сана\» облыстық байқауы өтті

197

0

  Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Медиа-Пресс» қоғамдық қоры «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» әлеуметтік жобасы аясында жастар арасында орыс тілін таныту және оны оқуға ынталандыру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру мақсатында «ОЙ – САНА» облыстық байқауын өткізді.

Байқауға Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда өткен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 17-22 жас аралығындағы 15 талапкер қатысты.

         Талапкерлер 3 номинация бойынша сынға түсті:

– бірінші номинация: орыс тілінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған 60 тест тапсырмасын орындау;

– екінші номинация: а) жазбаша бөлік бойынша  ұсынылған үш тақырыптың біреуіне эссе жазу; б) викторина: орыс тілі мен әдебиеті, мәдениеті және салт-дәстүрлері жайлы танымдық сұрақтарға жауап беру;

үшінші номинация: кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп жатқа оқу (үй тапсырмасы).

 Байқауға қатысушылардың білімін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің орыс тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Есенова Пернекүл Сағынтайқызы басқарған қазылар алқасы бағалады.

Қазылар алқасы талапкерлерді бағалау кезінде дұрыс сөйлеуіне, сауаттылығына, өзін-өзі ұстауына, киіміне және тағы басқаларға назар аударды.

Байқау қорытындысы бойынша Жалағаш ауданындағы Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Қостай Дана І орынды жеңіп алса,   Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың 1-курс студенті Балмағамбетова Гүдана ІІ орынға, Қармақшы ауданындағы №99 орта мектептің 10-сынып оқушысы Жадығұл Керемет ІІІ орынға ие болды.

Сондай-ақ, Арал ауданындағы №231 орта мектептің 11-сынып оқушысы Кәрім Арайлым, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті Көбесова Айя және «Қазанғап» атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің студенті Найзабек Мадина ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Облыстық байқаудың жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.