Партизан Қасым Қайсеновтің туғанына 100 жыл толуына арналды

98

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан Қасым Қайсеновтің туғанына 100 жыл толуына орай   «Аңыз адам» атты әдеби подиум ұйымдастырды.

Шараға қаламыздағы №11 мектеп – лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері  Жайықбаева Гулмараш Августовна және  Жабетова Гулбану  Бекдибековна мен 5 « А», 5« В»  сынып  оқушылары  қатысты.

Қатысушылар партизан-жазушының өмір жолымен, келешек ұрпаққа аңыз болып кеткен қаһарлы күндердегі ерлігі мен қантөгіс жылдарындағы қарулас достары жайлы естеліктері, партизандық-жауынгерлік жылдарындағы көркем шежіресінің   ел ертеңі-жастар үшін патриоттық тәрбие берудегі  шығармаларына тоқталып, «Жау тылындағы бала» повесіне  талдау жасалды.

Оқырмандар Қ. Қайсеновтің өмірі мен шығармалығына арналған әдебиеттермен «Қару мен қалам» атты кітап көрмесі арқылы таныс болды.