Полиция көлігі электр бағанасына соғылды

151

0

Қызылордада жол-патрульдік полициясының көлігі электр бағанасына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 9 сәуірде болған. Оқыс жағдайға облыстық ішкі істер департаменті түсінік берді. «Лада Приора» маркалы автокөлік жүргізушісі Қорқыт Ата  және Бәкіров көшелерінің қиылысында кері бұрылған кезде басты жолда келе жатқан «Тойота Каролла» маркалы полиция көлігіне жол бермеген. Салдарынан полиция көлігі электр бағанасына соғылды. «Лада Приора» жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды»,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

http://www.inform.kz/kz/policiya-koligi-elektr-baganasyna-sogyldy-kyzylorda_a3218063​​​