Қазақстанда 10 млн әйел бар, оның 63 пайызы қалада тұрады

557

0

Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Еліміздегі нәзік жандардың саны – 10 млн 260 мың 057. Ұлттық статбюро 8 наурызға орай арулар жайлы статистика әзірледі, деп хабарлады Қазақпарат.

Бүгінгі таңда әйелдердің 63,6% — қалада, 36,3% — ауылды жерлерде тұрады.

Өңірлер бөлінісінде әйелдердің басым көпшілігі Алматы қаласында — 1 196 450, Түркістан — 1 049 866 және Алматы — 766 092 облыстарында тұрады.

Жас құрамы бойынша:

18 жасқа дейінгі қыздардың саны — 3,3 млн.

18-ден 60 жасқа дейінгілердің саны — 5,3 млн.

60 және одан жоғары жастағы апа-әжелеріміздің саны 1,6 млн.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<