Қазақстанда ғалымдар қанша жалақы алады

366

0

Фото: Pexels

Jibek Joly телеарнасының JJ Talk бағдарламасы эфирінде отандық ғылымның экономикаға пайдасы талқыланды. Сондай-ақ, ғалымдардың саны мен жалақысы сөз болды.

«Елімізде 22 мыңдай ғалым бар. Енді сол көрсеткішті жас ғалымдардың арқасында 30 мыңға жеткізуді көздеп отырмыз. Осы орайда жылына 5 PhD докторына орын бөлмекшіміз. Бізде идея көп, қаражат та бөлініп жатыр. Қаражат бөлінбеген кездер болды, кей ұжымдар соның салдарынан сақталмай қалды. Айта кететін жайт, ғылымға қаражат бөлгенімен оның әсері бірден болмайды. Ол үшін бірнеше жыл керек. Бұған дейінгі заң тек ғылым туралы болды, енді технологиялық саясатты енгізіп жатырмыз. Ол дегеніміз – ғылыми жаңалықты өндіріске енгізу», – деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Зәки.

Одан бөлек, телебағдарлама эфирінде жас ғалымдардың қанша жалақы алатыны айтылды.

«Бізге министрлік қолдау көрсетеді. Соның арқасында ғалымдардың жалақысы 2 млн теңгеге дейін жетті. Менің айлығым – 2 млн 300 мың теңге. Ал ғылымға енді келген жас ғалымдардың айлығы 300 мың теңгеден басталады. Одан бөлек, тұрғын үймен қамту жағы бар, таяуда біздің институттың 4 қызметкері баспаналы болды», – дейді Металлургия және кен байыту институтының бас директоры, академик Бақдәулет Кенжеғалиев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<