Қазақстандықтар автокөліктердің VIP нөмірлерін алуға 10 миллиард теңге жұмсаған

287

0

Сурет: gov4c.kz

2023 жылы қазақстандықтар көліктерінің VIP нөмірлерін алуға 10 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған, деп хабарлайды Zakon.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

2024 жылдың 18 қаңтарындағы есеп бойынша, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жыл ішінде 30 мыңға жуық сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін берген.

«Көлік иелері олар үшін 10 миллиард теңгеден астам төлеген. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2022 жылы қазақстандықтар VIP нөмірлерге 7 миллиард теңгеден астам ақша жұмсаған», делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы берген ақпаратта.

Мамандар 2023 жылы ең жылдам сатылатын нөмірлер 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 болғанын түсіндірді. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК (210 444 тенге) құрайды.

«VIP желісіндегі ең қымбат нөмірлер – 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 бірдей әріптері бар. Мұндай нөмірлердің әрқайсысы көлік иесіне 285 АЕК (2024 жылы – 1 052 220 теңге) тұрады, – делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы берген ақпаратта.

Айта кетейік, «әдемі» нөмірлерді сату тәжірибесі Қазақстанда 2014 жылы енгізілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<