Жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу және отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі – қоғам үшін маңызды тақырып.
Осы бағытта бүгін сала мамандарының қатысуымен №15 М.Дүйсенов атындағы мектеп-лицейі мен №187 М.Шоқай атындағы мектеп-лицейі оқушы қыздарына ақпараттық кездесу өтті.
Кездесу барысында Qosyl жастар орталығы, жастар мамандары, Облыстық Жастар Денсаулығы орталығы психологы және Қызылорда қаласы Полиция басқарамасының қызметкерлері ерте жүктіліктің әлеуметтік, психологиялық және медициналық салдары, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы талқыланып, оның алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Мамандар жасөспірімдерге денсаулықты сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болуды, жауапты мінез-құлық қалыптастыру және өмірлік маңызды шешімдер қабылдауда саналы болу қажеттігін атап өтті.
Аталмыш кездесулердің мақсаты — жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және олардың саналы түрде болашаққа қадам басуына қолдау көрсету болып табылады.