Қызылордада екі күнде 36 адам ұсталды

777

0

Екі күнде мотокөлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың 187 дерегі анықталды.

Оның ішінде түнгі тыныштықты бұзғандар, көлігін заңсыз қайта жабдықтағандар, міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізбегендер, мотошлем пайдалану жөніндегі талаптарды бұзғандар бар. Тиісті құжатсыз мотокөлік басқарған 31, мас күйінде көлік басқарған 5 дерек анықталып, 33 мотокөлік айып алаңына қойылды.

Солардың бірі 6 тамыз күні Қызылорда қаласының орталық көшесі бойында тоқтатылған. Оның көлігін спирттік ішімдік ішіп және мемлекеттік белгісіз, еш құжатсыз басқарып жүргені белгілі болды. Құқық бұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6-бөлігімен, 612 бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Егемен.кз

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<