Қызылордада қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 827 тұрғын анықталды

243

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын-алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және патрульдік полиция батальон қызметкерлерімен жыл басынан бері алкогольдік ішімдікті қоғамдық орында ішіп жүрген 827 тұрғынды анықтап, әкімішілік жауапкершілікке тартты.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Өз кезегінде, Қызылордалық полицейлер арнайы орындардан тыс жерде ішімдік ішуге және масаң күйде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін әрекетке жол беруге болмайтынын ескертеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<