Қызылордалық ваннаға сұраныс көп

445

0

Қызылордадағы «Раяна» жеке кәсіпкерлігі ванна жасау ісін бастағанына көп бола бойған жоқ. Алайда, олардың шығарған өнімдеріне сұраныс тым жоғары. Қазіргі таңда цех акрильді ваннаның үш түрін шығарады, күніне 8 ванна өндіруге қауқарлы. Сапасы да озық елдердің тауарларынан кем түспейді.

Ваннаның сапалы болатындай да жөні бар. Өйткені өндіріс орны еуропалық технологиялар бойынша жұмыс істеп, экологиялық таза материалдар мен заманауи шетелдік жабдықтарды қолданады. Кәсіп иесі Мөлдір Сейтжанова өңір тұрғындарынан өнімімізге түсіп жатқан тапсырыс көп дейді.

Өндіріс орнының тағы бір ерекшелігі сіз тауарға тапсырыс бергенде оның көлемі мен дизайнын да өз талғамыңызға сәйкестіндіре аласыз.

– Біздің ванна кез-келген ванна бөлмесінің интерьеріне өте жақсы сәйкес келеді. Серия жоғары сапалы өндіріспен қарапайым дизайнмен ерекшеленеді. Размерлері 1,70*70, 1,80*75. Осы жобаны іске асыру үшін 7 млн теңге инвестиция салдық. Жұмысты бастағанымызға 3 ай болды. Алдағы уақытта цехты кеңейту үшін мемлекеттен көмек сұрауды жоспарлап отырмыз, – дейді кәсіпкер.

Өндіріс ошағы КБИ мөлтек ауданында орналасқан. Кәсіпкер мемлекеттен көмек алып, өндіріс орнын кеңейтсе, сол маңдағы тұрғындарды да жұмыспен қамтуды көздеп отыр.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<