Қызылордалық жас ІТ саласында кітап шығарды

961

0

Таяуда ғана ІТ бағытта өткен «Innofest-2022» конкурсының жеңімпазы атанған София Темірболат тұңғыш рет комикс форматында кітап шығарды.


Облыс әкімінің қолдауымен өткен идеялар байқауында қызылордалық өрен үздік атанып, конкурстан ұтып алған 500 мың теңге қаржысына өз идеясын іске асырып, виртуалды ортамен қауіпсіз байланыс дағдыларын дамытатын кітап жазып шықты.


«Cyber City» хикаялары атауындағы жаңа кітап арқылы оқушылар цифрлық қауіпсіздікті қызықты қысқа комикс əңгімелер арқылы меңгерте отырып, олардың технологиялық жəне дүниетанымдық салалар бойынша білімін қалыптастырады.

Комикс кітабы балаларды интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен, жаңа терминдерден хабардар болуына, ақпараттық мəдениетті жетілдіруге көмектеседі. Басқа да бөлімдерін жазамын. Келешекте кітапты әрі қарай дамытатын боламын, – дейді София Темірболат.


Жас автордың идеясын іске асыруға бағыт берген Қызылорда облысы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулла мен Қорқыт ата университетінің экономика және құқық институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев мұндай кітаптар гаджеттерге әуес альфа ұрпақ балаларға интернеттегі киберқауіпсіздік пен ақпараттық гигиенаны сақтауға мүмкіндік береді дейді.


Бүгін жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, оқырмандарға таныстырылды. Тұсаукесер рәсімінде София ерекше қажеттілігі бар балаларға кітапты сыйға тартты.


Айта кетейік, 500 данамен шығарылған кітап қала мектептеріне тегін таратылатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<