Ресейде Facebook бұғатталуы мүмкін

253

0

Роскомнадзор 2018 жылдың соңына дейін Facebook компаниясына тексеріс жүргізеді, егер әлеуметтік желі ресейлік қолданушылардың мәліметін РФ территориясында оқшауламаса оның бұғатталу мәселесі қарастырылады. Бұл туралы ведомство басшысы Александр Жаров «Известия» газетіне берген сұхбатында айтты.
 Жаров өткен жылдың қарашасында ресейлік қолданушылардың мәліметін РФ территориясында оқшаулау және тыйым салынған контентті өшіру туралы талқылаудың жоспарланғанын айтқан еді.  «2018 жылдың соңына дейін компанияны тексереміз, орындалуы тиіс бірнеше пункт бар: РФ территориясындағы ресейлік қолданушылардың мәліметін оқшаулау, барлық тыйым салынған мәліметті өшіру – олар болса кешігіп жатыр – және басқа заңдарды да сақтау. Бұл мәселенің ешқайсысы шешілмесе немесе Ресей бұл туралы білмесе бұғаттау мәселесінің туатыны анық», – деп мәлімдеді ол.
Ресей заңнамасы ресейліктердің жеке мәліметін РФ территориясында сақтауға міндеттейді. Бұл заңды бұзған сайттар сот шешімінің негізінде Роскомнодзордың арнайы реестріне тіркеліп, заңбұзушылықты жоймаған жағдайда бұғатталады.  Еске салайық, таяуда Telegram бұғатталған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<