Республикалық акция бастау алды

315

0

Биыл Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-на 10 жыл толу мерейлі мерекесі. Еліміздің елжанды патриоттары мен білім биіктігіне құлаш ұрған Тәуелсіз елдің зияткер оқушыларын даярлайтын білім беру ұйымы, бүгінде еліміз бойынша білім мен ғылым саласына сүбелі үлес қосып келе жатыр.
Оқушы бойына ілім іздеу мен тәрбие діңгегін қалыптастыруда жан-жақты шаралар жоспарлап, оларды жүзеге асыруда қарқынды жұмыс жасап келеді. Соның бір дәлелі «Қолдайық ауыл мектебін!» республикалық әлеуметтік акциясы. Аталмыш шара барлық Назарбаев мектептерінде бастау алып, қалаға қарасты елді мекендердегі ауыл мектептерін қолдауға бағытталған шараларды қамтыды. Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі де акцияның белсенді қатысушысы.
Игі шара Республикамыздың барлық қалаларына қарасты ауыл мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері жинаған 6 875 дана көркем және ғылыми-танымдық әдебиет, оқушылар өсірген 2 000 түп гүл, ДББҰ орталықтыры (ОБО, ПШО, ПӨО) жасаған 860 дана мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар, нұскаулықтар, Алматы қаласындағы НЗМ оқушылары жасаған 20 3D принтер, 20 стенд, 300 спорттық доп сыйға тарту жоспарланған. Біздің мектеп қолдау танытқан, Сырдария ауданының О.Мәлібаев ауылындағы №131 Т.Қозыбаев атындағы білім ошағы. 2005 жылы іргетасы қаланған мектепте бүгінде 46 мұғалім 314 оқушыға білім беріп отыр. Аталмыш мектептің тыныс-тіршілігімен бұған дейінде танысқан Назарбаев Зияткерлік мектеп ұжымы, ауыл мектебіне 365 дана әр түрлі әдеби кітап, 100 түп гүл, 3D принтер, 16 спорттық доп және 3 шахмат тақтасын сыйға тартты.  
Бүгінгі шара мәні мен мағынасы үйлескен толық бір бағдарламаны құрады. Оның ішінде: оқу бұрышының салтанатты ашылуы, «Литературный джем», «Book Bingo» атты балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыратын активитилер, мұғалімдер үшін белсенді оқытудың әдіс-тәсілдері, оқу нәтижесін бағалау бағытындағы семинарлар және өнерпаз оқушылардың концерттік бағдарламасы. Сонымен қатар, осы шараның нәтижесінде екі мектеп арасында екі жақты әріптестік месорандумға қол қойылды, және ол қос білім беру ұйымдары арасындағы байланыстың одан әрі нығайып, ұзақ уақыт ауқымды шараларға бірлесе жұмылатынын дәлелдемек.
Бүгінгі шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Сырдария ауданының құрметті азаматтары мен аудандық әйелдер кеңесінің төрағасы, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, кент әкімінің орынбасары, мектеп мұғалімдері сонымен қатар ата-аналар қатысты. Шара қорытындысында сөз алған аудандық әйелдер кеңесінің төрғасы Ұлмекен Жаналиева, осындай акцияның ұйымдастырылғанына және ауыл мектебінің осыншама қолдауға ие екендігіне дән ризашылықтарын жеткізіп, алдағы уақыттада екі білім ошағының тығыз байланыста болатындығына сенім білдірді.
Бұл, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің игі бастамасы. Қоғамның белсенді мүшелерін, қазақстандық кәсіпкерлерді және еліміздің кезкелген азаматын «Қолдайық ауыл мектебін!» акциясына қатысуға, қолдауға шақырамыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<