Салауатты өмір салтын насихаттады

370

0

Салауатты өмір салтын насихаттады Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі «Дүниежүзілік денсаулық күнін» мерекелеу қарсаңында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлерінің  қатысуымен «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс-шараның мақсаты дене жаттығуларын жасауға және спортпен шұғылдануға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Іс-шара барысында әрбір қызметкер қан тапсырып, қандағы қант мөлшері мен холестерин деңгейін білді. Осы мүмкіндіктің арқасында өрт сөндірушілер салауатты өмір салтын сақтамаған жағдайда қант диабеті мен семіздікке ұласып кету қаупін білді.

Қорытынды бөлімде мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің дәрігері Д.Байжұмаева салауатты өмір салтын ұстау адам ағзасына оң нәтижесін келтіретіндігі жөнінде, дұрыс тамақтану туралы айтты және ақпараттық–танымдық материалдарды таратты.

А.Құлдықова,

Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ

мемлекеттік тіл және ақпарат

тобының инспекторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<