Сан-Францискода таксист болып жұмыс істейтін қазақ жігіті белгілі миллионерді таңғалдырды

303

0

Сан-Францискода таксист болып жұмыс істейтін қазақ жігіті белгілі миллионерді таңғалдырды  Қазақстандық бизнесмен Айдын Рахымбаев Сан-Франциско қаласындағы қазақ жастарымен кездесті. Аталған кездесуде шетелде жүргізуші болып жұмыс істейтін Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы белгілі миллионерді таңғалдырды. Бұл туралы Рахымбаев өзінің Facebook парақшысында жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«46 қазақ азаматы бір жерде бас қосты! Қызылорда, Ақтөбе, Көкшетау, Қарағанды, Ақтау, Семей, Алматы, Павлодар, Астана және басқа қалалардан келген жастар жиналды. Дарынды балалар АҚШ-тың әртүрлі жоғары оқу орындарында түрлі бағдарламалар, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады. Мұнда біздің жастарымыз Google сияқты түрлі компанияларда жұмыс істейді! Шынымды айтсам, тек қана бақытты емеспін, өркениетті қоғамда алға озып шыққан ақылды адамдарды мақтан тұтамыз », – деп жазды Рахымбаев өзінің Facebook парақшасында.

Кәсіпкер сонымен бірге осы кездесуде болған қызықты оқиғамен бөлісті.

«Силикон алқабында болған әзілді айтып берейін? Кешегі түскі аста біздің жігіттермен таныстық. Олардың әрқайсысы оқыған немесе жұмыс істейтін жерлері туралы айтып, өздерін таныстырып өтті. Біреулері, Берклида – қаржы, заң  факультетінде оқып жатса, екіншілері Стэнфорд университетінде- инженерия, докторантура, магистратурада, ал басқалары Google-да қаржы, жүйелік әкімгер мамандықтары бойынша білім алады екен. Ал ең соңында кешігіп келген қазақ жігіті АҚШ-та немен айналысатыны туралы сұраққа «Uber де iстеймiн!» деп жауап берді. Біз қазақ тілінде жауап берген жігітке қарап, қандай керемет  деп ойладық», – деп жазды Рахымбаев.

Оның айтуынша, бұл жігітке бәрі қызығушылық танытты. Uber-де кім болып жұмыс істейсің деп сұрағанда, ол өзінің жүргізушісі екенін айтты.

«Жас жігіт қазақтардың басын қосып жатқандарыңызды естіп, келуге шешім қабылдадым дейді. Ол одан кейін ОҚО-нан келгенін қазақ тілінде жеткізді. Жас жігіт осында келіп, жұмысқа кірген. Сенесіздер ме, оңтүстіктен келген қарапайым қазақ жігіті ағылшын тілінде еркін сөйлей алмаса да, таксист болып жұмыс істеп жүр. Біздің оңтүстік жігіттерінің пысықтығы таң қалдырады»,-деп таңданды миллионер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<