Семинар өтті

294

0

Семинар өтті  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облысы бойынша филиалы бірлесіп, амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинарға департамент қызметкері А.Сәлімжан, облыстық денсаулық сақтау басқармасының заңгері Ж.Ахметова, Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Г.Құрбанғалиева қатысып, тақырыпқа қатысты баяндамалар жасап, медицина қызметкерлерінің сауалдарына жауап берді. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың қауіпі және оның нәтижелері түсіндіріліп, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, «Парасыз болашаққа. Бірге!» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топпен аталған емханада қоғамдық қабылдау өткізілді. Оған 2 азамат жүгініп, олармен көтерілген өзекті мәселелерге заң аясында жауаптар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<