Шегірткеге қарсы күрес шаралары

322

0

Шегірткеге қарсы күрес шаралары Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің об­лыс­тағы аумақтық инспекция басшысы Еркебұлан Бекжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, шегірткенің италиялық прус жəне ерекше қауіпті азиялық түрлеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 25 мамырда басталып, бір ай көлемінде жүргізіледі. Облыс бойынша химикатпен өңделетін жер көлемі – 144 392 гектар.

– Бұл жұмыстарға 14 арнайы жер агрегаты, аэрозольды генератор, моторлы бүріккіштер, 4 дельтоплан мен 2 ұшақ қолданылады. Сонымен қатар, биыл саяқ шегірткеге қарсы 73 581 мың гектар жер және күріш зиянкесі саналатын жағалық шыбынға қарсы 4,908 гектар аумақ химиялық өңдеуден өтеді. Аталған фитосанитариялық жұмыстарға «Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 94 956 мың теңге қаржы қаралып отыр, – деді Е.Бекжанов.

Спикер биыл жергілікті ат­қарушы органмен бірлескен жұмыс жоспарына сай шаралар жал­ғасатынын жеткізді. «Рес­пуб­ликалық фитосанитариялық диагнос­тика және болжамдар әдістемелік орталығы» мекемесінің облыстық филиалы мамандары мен өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар бірлесіп, ауыл шаруашылығы құрылымдар өкілдеріне, мамандарға зиянды организмдердің дамуы, таралуы және олармен күресті уақытылы жүргізу жөніндегі агрооқулар  ұйымдастыратынын айтып өтті.

М.СНАДИНҚЫЗЫ.

Н.Нұржаубай (сурет).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<