
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашынды ауа райы болады. Алдағы тәулікте Қазақстанға антициклон жылжып, кейін уақытша жауын-шашынның тоқталуы мен ауа температурасының көтерілуін алып келеді. Одан кейін 18 сәуірде батыста, 19 сәуірде солтүстікте кей жерлерде ылғалды қарға айналатын жаңбыр және батыста температура 0+5 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта 0-8 градусқа дейін төмендейді.
«Каспий теңізінің оңтүстігінде кезекті антициклон қалыптасып, оның жылжуына қарай солтүстік-шығысқа найзағайлы жаңбыр және республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысына күннің суытуын алып келеді, 19 сәуірде түнде және таңертең жаңбырдың сулы қарға айналуы мүмкін», – деді «Қазгидромет» мамандары.