
«Қазақстанның солтүстігінде орналасқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар көптеген облыстардың кей жерлеріне жаңбыр және ылғалды қар түрінде жауын шашын, тұман және көктайғақ алып келеді. 10 сәуірде батыс аймақтарға жауын-шашынсыз ауа-райы тұрақталатын антициклон жылжиды», – делінген болжамда. Ал Оңтүстік облыстарда дауылды ескерту жарияланған.
10 сәуірде Қызылорда, 9-11 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік сақталады, 11-12 сәуірде түнде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік күтіледі. Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық болады.