Синоптиктер ертең қай өңірлерде дауыл тұратынын айтты

141

0

Синоптиктер ертең, 30 мамырда қай өңірлерде дауыл тұратынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 
Синоптиктердің мәліметінше, 30 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстіктен соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз көптеген жерлерде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерде жауын-шашын, күндіз жерлерде жаңбыр. Кей жерлерде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ жауы мүмкін. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі.
Петропавлда да күндіз 30 мамырда солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, екпіні  25 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. 30 мамырда Жамбыл облысында жел оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да аса күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Тараз қаласында 30 мамырда оңтүстік-батыс, батыстан  соғатын желдің екпіні  15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
30 мамырда күндіз Қарағанды облысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, кей уақытта екпіні 30 м/с дейін күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. 30 мамырда күндіз Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, кей уақытта екпіні 30 м/с. Кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с. Кей жерлерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Өскеменде 30 мамырда жел 17-22 м/с-қа күшейеді. Сондай-ақ, Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Түнде кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.