Әскери бөлім сарбаздарына дәріс оқыды

371

0

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызмет бастығы –  заң консульты капитан Н. Ильясов  ҚР Қарулы Күштеріне қарасты Гвардейск кентіндегі 21450 және Ақтау қаласындағы  25744 әскери бөлімдеріне жолданған сарбаздарға «Әр сарбаздың парызы мен міндеті!» тақырыбында дәріс оқыды.

 Аталған дәрісте әскери бөлімдердің рота, взвод командирлерінің тапсырмаларын бұлжытпай орындауды, белгіленген тәртіп бойынша әскери жарғылардың ережелерін  сақтауды,  денсаулыққа зиян келтіретін заттардан аулақ болуға шақырды.

 Сонымен қатар, заң консульты капитан Н.Қонысұлы:

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ ­­­­­­­­­­­­− Сарбаздардың ата-аталарына мерзімді әскери қызмет қатарына шақыруға қатысты жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері немесе басқа да тұлғалардан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылық байқалған жағдайда, облыстық жиын пунктінде ілінген жоғарғы басшылық құрамының және ҚР Қорғаныс министрлігінің сенім телефондарын жеткізіп, барлық кезеңде «қауырт желі» жұмыс жасайтын айтты. Онда жауапты лауазымды адамдар түсіндірме жүргізіп, азаматтардың барлық қызықтырған сұрақтарына 8 (7172) 72-13-83 және 72-16-06. хабарласуларына болатынын жеткізді.

  Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысынан «Көктем-2018» мерзімді әскерге шақыру науқаны барысында 800-ден аса азамат Отан алдындағы борышын өтейтін болады. ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына жіберу жұмыстары наурыздың 15 мен маусымның 27-сі аралықтарына дейін жалғасады.

 Алдымен, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қарасты Алматы, Үшарал, Сарығаш, Қордай өңірлеріне 200-ге жуық  Сыр елінінің азаматтары әскер қатарына аттанды.

 Сәуір айының 15-інен бастап ҚР Қарулы Күштеріне қарасты әскери бөлімдерге сарбаздарды жіберу шарасы ұйымдастырылуда.

        

                                      Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі 

                                     департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<