СОЛТҮСТІК ӨҢІР ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ

282

0

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаcы» – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін және жұмыссыздық деңгейін азайтатын маңызды құжат. 

Аталған бағдарламаның ІІІ бағыты еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуға арналған. Соған сәйкес, кеше аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенованың төрағалығымен солтүстік өңірлердегі мекеме басшыларының қатысуымен Сырдария ауданы орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңесі өтті. Жәрмеңкеге бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, жұмыссыз азаматтар және БАҚ өкілдері қатысты. Жәрмеңке барысында жұмыс күші тапшы, маман қажеттілігі жоғары өңірдегі бос жұмыс орындары туралы кең көлемді мағлұматтар айтылды. Сонымен бірге, ерікті түрде қоныс аударуға ниетті азаматтарға бағыт-бағдар берілді.

Ақтөре Ибрагимұлы,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<