Қазақстандық дәрігерлер «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейді

950

0

Сурет: Ашық дереккөз

Елімізде медициналық қызмет көрсету «бір терезе» қағидатына көшпек. Яғни, қызмет бір жерден көрсетіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуде дәрігерлердің жүктемесін азайту маңызды. Медицина қызметкерлерінің жүктемесін азайту үшін «бір терезе» қағидаты іске қосылады. Бұл дәрігерлердің ақпарат жүйесіне пациентке қатысты деректерді тағы енгізіп, қайталауға жол бермейді. Сондай-ақ, медицина қызметкерінің пациентке алдын ала сауалнама жүргізу арқылы дәрігердің қабылдауына жазылу тетігі қаралып жатыр»,– деді Бейбіт Есенбаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталған шаралар медицина қызметкерлерінің жұмыс жүктемесін жеңілдете түседі.

«Медицина қызметкерлерінің «бір терезе» қағидатымен жұмыс істеуге көшуі медициналық қызмет көрсету порталдарында ақпарат енгізу қажеттілігін болдырмау үшін керек. Дәрігер пациенттің қай жерде тіркеуде тұрғанына қарамастан қызмет көрсетеді. Ал пациент кедергісіз қажетті медициналық қызмет алады», – дейді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<