СЫЛДЫРЛА, СЫҢҒЫРЛА ТАҒЫ ДА…

452

0

Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік меткебінде «соңғы қоңырау» соғылды. Білім ошағынан биыл 132 оқушы түлеп ұшқалы отыр.
Салтанатты рәсім дәстүр бойынша мектеп ауласында мерекелік концертпен басталды. Алдымен мектеп директор Бахыт Әмірханұлы жиынды ашып, құттықтау сөз сөйледі. Мектептің осы кезге дейінгі жеткен жетістіктеріне тоқталып, жыл көлемінде атқарылған ауқымды шараларды атап өтті.
Сонымен қатар мектептегі қарқынды жүзеге асып жатқан TEDx, REDx, «Қазақтың 100 әні», «100 күй», «Wikipedia» сияқты тың жобаларға белсенді қатысып, қолдау көрсеткен бірқатар оқушылар мен «шаңырақ» қауымдастықтары мектеп басшысының алғыс хатына ие болды. Өз сөзінде мектеп басшысы бітіруші түлектерге жүрекжарды тілегін арнап, шынайы ықыласын білдірді.
Мектептің өнерпаз оқушылары концерт көркін қыздырып, әннен, жырдан шашу шашты. Түлектердің ата-аналары да бүгін ерекше тебіреніс үстінде. Оларда барлық ұстаздар қауымына, мектеп қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды. 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<