Сыр өңірінде «Алаш әдебиеті» музейі ашылады

164

0

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Сыр өңірінің жазба мәдениетін насихаттайтын «Алаш әдебиеті» музейін ұйымдастыру қолға алынады. Бұл туралы мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған шарада облыс әкімі Н.Нәлібаев мәлімдеді, деп хабарлады NEGE.

– Сыр елі үшін айтулы, тарихи жыл. Қызылорда қаласының ел астанасы болғанына 100 жыл толады. Бұл тарихи датаны өз деңгейінде атап өтудің дайындығын қазірден бастағанымыз жөн. Академик Зейнолла Қабдолов айтқандай, «уақытында қазақтың туын тіккен, қиясы болған – Қызылорда» жерінде Алаш мұраларына арналған музей болуы заңдылық деп есептеймін, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Сондай-ақ, өңірде жазба жәдігерлерін реставрациялауға арналған архив лабораториясы іске қосылмақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<