Сырдария ауданында сенбілік өтті

349

0

«Аудан елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» қабылданған аудан әкімінің №102-ө өкімі негізінде бүгін Сырдария ауданында сенбілік өтті.
Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері белсене атсалысып, арықтарды күл-қоқыстардан тазалады. Сонымен бірге, тал егу жұмыстары жүргізілді. Белгіленген орындарға терек талдарын еккен сырдариялықтар ауданның жасыл желекке орануына өз үлестерін қосты. Сенбілік жұмыстары аудан орталығынан бөлек, барлық ауылдық округтерде де өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<