Сырдың сырлы жәдігерлері

323

0

Сырдың сырлы жәдігерлері Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қызылорда қаласының 200 жылдығы мен облыстың құрылғанына 80 жыл және Шиелі ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында тұңғыш рет Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Сырдың сырлы жәдігерлері» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Көрмені ашу құрметі аудан әкімі Әшім Оразбекұлына берілді. Сөз тізгінін алған Әшім Оразбекұлы музей экспонаттарының құндылығы, келер ұрпаққа берер өнегесі туралы біраз сыр тарқатты.
Сыр бойы жұмбақ сырлы қорғандары, төбе төбе обалары бар қордалы өлке. Кез-келген жаңалық өткеннің өзегінде дамып, келешек ұрпаққа жалғасын табары заңдылық. Ғасырлар сынынан өтіп, уақыт пен болмыс қалыптастырған ұлттық дәстүріміз, бабалар маңдай тері, аталар қол еңбегі, аналарымыздың көз майы сіңген төлтума дүниелер, көненің көзі, көз жауын алып, көңіл толқытатын жәдігерлер киелі өлкеміздің мәдениет пен руханият ордасы 80 жылға жуық тарихы бар облыстық тарихи-өлкетану музейі арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыр.
Көрме төрінен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында жинақталған археологиялық, этнографиялық экспонаттар және Сыр елінің археологиялық ескерткіштерінің фотосуреттері, ғасырлар шеруінде Қазақ елінің төрт астанасы: Сырдария сақ тайпаларының астанасы – Шірік-Рабат, Оғыз мемлекетінің бас қаласы – Жанкент, Қазақ хандығының орталығы – Сығанақ, 1925-1929 ж.ж. Қазақстан Республикасының астанасы – Қызылорда қалаларының мобильді стендісі, музей қорындағы аса құнды зергерлік әшекей бұйымдар, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған экспонаттар орын алды.
Екі мекеме арасындағы мәдени ынтымақтастық пен байланыс ретіндегі аталмыш көрме аудан жұртшылығы үшін тың серпіліс, рухани нәр, тарихи байланыс болып қалыптасты. Көрмені 9-21 сәуір аралығында тамашалай аласыздар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<